Карантин кезінде тоқтап тұрған кейбір жолаушы пойыздары тағы екі апта жүрмейтін болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР мемлекеттік комиссиясының 2 шілдедегі шешіміне, бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 3 шілдедегі қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында мына жолаушы пойыздары қатынасының уақытша тоқтатылуы тағы 2 аптаға ұзарады:
1. № 31/32 «Алматы-2 – Павлодар» пойызы.
2. № 258/257 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы
3. № 3/4 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Алматы-2» пойызы
4. № 68/67 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Өскемен-1» пойызы.
Аталған пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты толық көлемде ала алады.
Жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирус пандемиясы кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.