11 жел, 2020 сағат 06:25

Карантинге байланысты тағы бір Қазақстан чемпионаты тоқтатылды

«Ұлттық конькишілер федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі хабарлама жариялады, деп жазады Sports.kz.

«Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантин шаралары туралы 20.11.2020 жылғы №ПГСВ-248 қаулысына сәйкес (3.49-тармақ – Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге тыйым салынады). 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде 2020 жылғы 14-17 желтоқсанда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілмейді», – делінген хабарламада.