02 шіл, 2020 сағат 10:15

Карантин: Ұшақ пен пойызға рұқсат беріліп, автобустар уақытша жүрмейтін болды

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың өсуін ескере отырып, мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Көлік қатынасы мынадай шектеу шаралары енгізіледі:

1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;

4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.