08 мау, 2020 сағат 21:40

Карантин талаптары қайта күшейтіліп жатқан Алматы облысында блокпостар қойылмайды

Карантин талаптары қайта күшейтіліп жатқан Алматы облысында блок, санитарлық постар қайта қойылмайды. Бұл туралы өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның сөзінше, қатаңдату шаралары түрлі объектілердің жұмыс уақытын қысқартуға ғана әсер етеді. Енді, базарлар түскі үшке дейін, дәмхана сынды қоғамдық тамақтану орындары түнгі он бірге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, бассейндер мен су бұрқақтардың жұмысы тоқтатылған. 

Қазір Алматы облысында коронавирус ахуалы 5,5 пайызды көрсетіп тұр. Ал өңірде карантин талаптарын жеңілдетуді бастағанда бұл көрсеткіш 2 пайыздан әрі аспаған.