28 маусымнан бастап Мәскеудегі қоғамдық тамақтану орындары жаңа тәртіппен жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
«Бұл жүйе өте оңай: кәсіпкерлер i.moscow порталында COVID-free форматында жұмыс істегісі келетіні жайлы өтінім қалдырып, одан кейін келушілердің вакциналанғанын дәлелдейтін анықтама немесе соңғы жарты жылда коронавируспен ауырғанын растайтын факт не ПТР-тестілерін алғандарын растайтын QR-кодтар арқылы ғана кіргізеді. Бұл талапты орындаған мекеме күндіз де, түнгі уақытта да жұмыс істей алады, ондағы тұрған үстелдер бір-бірінен
Мекемелердегі даяшылар, хостес, бармендер және залда келушілермен бірге жүрген басқа да қызметкерлер қолғаптары мен маскаларын шешпей жүреді.
Ол қоғамдық тамақтану орындарының қызметкері QR-кодты бірнеше секундта тексеріп шыға алтынын нақтылады: смартфон камерасын кодқа апару кезінде экран бетінде сертификаттың жарамды екені туралы ақпарат, иесінің толық аты-жөні және төлқұжаттағы бірнеше цифры көрсетіледі.
Жазғы верандалар өз мекемелерінің режимі бойынша жұмыс істейді.