01 мам, 2020 сағат 06:41

Карантин: Қызылордада ауызашар берген тұрғынға айыппұл салынды

Қызылордада карантин кезінде ауызашар берген тұрғынға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

26 сәуірде қызылордалық үйінде ауызашар берген. Оған қаланың әр түкпірінде тұратын таныстарын шақырған. Артынан олар моншаға түскен.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимiн бұзу) бес азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 201 адам тіркелді. Оның ішінде 118 адам емделіп шықты.