#
#
Дүйсенбі 06/07/2020

Карантин күшейеді: Алматыда қандай нысандар жабық болады?

  • 03.06.2020
  • 0
  • 150

Алматыда карантин шаралары күшейіп, санитарлық талаптарды орындамаған кейбір нысандар жабылуы мүмкін. Бұл туралы қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Карантин шаралары жалғасатын болады. Тек жалғасып қана қоймайды, күшейетін болады. Біз бассейн, жағажай, саябақ аумағында орналасқан аттракциондарды, сауда орындарын ашпаймыз. Сондай-ақ, мектеп жанындағы сауықтыру орындары да жабық болады. Себебі, балаларға вирус жұғу қаупі бар», - деді ол.

Сонымен қатар, қала билігі шипажайлар, мәдениет, кинотеатрлар, фудкорт алаңдарын ашуды жақын арада жоспарлап отырған жоқ.

«Керісінше, алдында ашылған нысандар санитарлық талаптарды орындамаған болса, жүйелі түрде бұзып келген болса, олардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдаймыз», - деді Бекшин.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар