#
#
Сейсенбі 14/07/2020

Карантин кезінде қандай себеппен шетелге шығуға рұқсат етіледі?

  • 25.05.2020
  • 0
  • 228

Карантин жағдайында Қазақстаннан шетелге шығуға болатын бірнеше себеп бар. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Instagram парақшасында карантиндік шектеулер кезеңіндегі мемлекеттік шекарадан өту тәртібіне қатысты онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елден шығуға мүмкіндік беретін бірқатар себеп пен ерекше жағдайлар бар. Карантиндік шектеулер кезінде кез келген адам өз қалауымен шекара аса алмайтыны анық. Өйткені тек Қазақстанда ғана емес, өзге де мемлекеттер шектеулер бар. Қазақстандық азамат белгілі бір иммиграциялық мәртебесі болған жағдайда, әлдебір мемлекетте тұрғылықты мекенжайы, миграциялық визасы болса елден шыға алады. Туған-туыстың сырқаттанып қалуы немесе жерлеу рәсіміне бару сияқты басқа да жағдайға байланысты елден шығуға болады», - дейді ҰҚК Шекара қызметі Шекаралық бақылау департаментінің орынбасары Олег Александрович. 

Сондай-ақ, ол өз еліне келгісі келетін қазақстандық азаматтар не істеуі керектігі туралы айтты.

«Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы бар. Ол қандай жағдай болмасын өз мемлекетінің аумағына кіруге құқылы. Бұл жөнінде жұмыстар атқарылып, механизмдер әзірленген. Шетелден 12 261 отандасымыз шекарадан қайтарылды. Бұл мәселемен консулдық мекемелер айналысып жатыр. Шетелдегі Қазақстан азаматтары консулдыққа хабарласып, қажетті көмек ала алады», - дейді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар