09 шіл, 2020 сағат 11:09

Қарағанды облысының дәріханаларына Парацетамол мен антибиотиктер жеткізіле бастады

Қарағанды облысының ірі фармдистрибьюторы ыстық түсіретін және вирусқа қарсы препараттарды дәріханаларға жөнелте бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маусым айында бірнеше күнде дәріхана желісінен қызуды төмендететін, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктердің кейбір түрлерінің бір айлық қоры сатып алынған болатын. Айта кету керек, дәрілерді жеткізу қарқыны да еш бәсеңдеген емес.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Денис Шәкенов пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров бастаған арнайы мониторинг тобының мүшелері қаладағы дәріханалар мен фармацевтикалық қоймаларда сұранысқа ие дәрілердің бар-жоғын тексерді.

Қазір Парацетамолға деген сұраныс жоғары, ол өте тез сатылып жатыр. Ірі фармацевтикалық қоймада осы таблеткалардың 190 мың қаптамасы болғанына қарамастан, оларды сатылымға жібермеген. Мұндай кідірістің себебін мамандар міндетті сертификаттаудан өту қажеттлігімен түсіндіреді. Осыған дейін мұндай процеске бір ай уақыт қажет болатын. Ал қазір қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінде бұл процедура қарапайымдатылды. Алайда, бюрократиялық талаптардың салдарынан тауарды жедел жөнелту мүмкін болмады.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек дәрі-дәрмектерді жіберу процесін тездетуді тапсырды және бағаны негізсіз қымбаттатпау үшін арнайы органдардан жағдайды бақылауға алуды сұрады.

«Қазір біз жағдайды, әсіресе бағаны көтеру және қайта сату фактілерін мұқият қадағалайтын боламыз. Ол үшн заңда жауапкершілік көзделген. Ең қатаң шаралар қабылдаймыз», - деді Денис Шакенов.

Логистиканы ескере отырып, облыс дәріханаларына алдағы бірнеше күнде жоғары сұранысқа ие препараттар жеткізіледі.