29 мау, 2020 сағат 08:32

Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитеті.

Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел іздестіру барасында 2018 жылдың қаңтар айынан 2020 жылдың мамыр айына дейін Жезқазған және Сәтпаев қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 4 адамнан тұратың ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Заңсыз айналымнан әртүрлі ойын жабдықтарының 160 аса жиынтығы тәркіленіп, қылмыстық әрекеттен келген табыс 16 млн теңгеден астам соманы құрады. Анықталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.