Бүгін сағат 12:30-дағы мәліметтер бойынша Қарағанды облысынан екі адамның корнавирус жұқтырғаны мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Вирусты жұқтырғандар 1972 және 1973 жылғы әйел адамдар, Теміртау қаласының тұрғындары. Екеуі де вирусты жұқтырған науқастармен байланыста болғаны үшін карантиндік госпитальге жатқызылған.
Бүгінгі таңда облыста инфекцияны жұқтырған 101 адам тіркелген, оның біреуі қайтыс болды, 15 науқас жазылып шықты.