21 сәу, 2020 сағат 09:14

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 6 адам да - Теміртау қаласының тұрғындары

Бүгін таңғы сағат 09:35 минуттағы жағдай бойынша Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам тіркелгендігі анықталды.

Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды. 

Вирусты жұқтырғандар — 1963, 1946 және 1977 жылғы әйел адамдар, 2006 жылы туған қыз бала, 1938 жылғы ер адам, 2010 жылы туған ұл бала.

Барлығын өздеріне дейін вирусты жұқтырған науқастармен байланыста болған. Бұған дейін карантиндік госпитальге жатқызылған. Барлығы Теміртау қаласының тұрғындары.

Бүгінгі таңда облыста инфекцияны жұқтырғандар саны 99 адамға жетті, 1 адам қайтыс болған, 13 науқас жазылып шықты.