19 қыр, 2022 сағат 10:05

Қарағанды ​​облысында қаржы пирамидасы анықталды


ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және пайдалану деректерінің жолын кесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында әртүрлі абоненттік нөмірлермен тіркелген WhatsApp мессенджер қосымшасын пайдалану арқылы 5 жоба атауының негізі қаланды. Қылмыстық схема бойынша ұйымдастырушы 3 мыңнан 10 мың теңге көлеміндегі заңсыз инвестицияны тартқан, жобаға қатысушыларға 10 тәулікке дейін аралықта салған қаражатынан 300 пайыз және 500 пайыз төлеуді уәде еткен. Тергеу анықтаған белгілер қаржы пирамидасының негізгі белгілеріне жатады", - делінген хабарламада.

Дерек бойынша соталды тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жақаны айтылды.