Қарағанды облысында коронавирус инфекциясы анықталған үш науқас Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
29 сәуір, cағат 17:35-тегі мәлімет бойынша, елімізде індетті жұқтырған тағы 27 адам тіркелген болатын. Оның ішінде 3 адам – Қарағанды облысында анықталды.
«Вирусты жұқтырғандар 30 жастағы ер адам, 10 айлық және 3 жасар ұл балалар. Олар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Бұған дейін коронавирусты жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан, карантинге жатқызылған», - делінген ақпаратта.
Соңғы деректерге сәйкес, Қарағанды облысында COVID-19-ды жұқтырғандардың жалпы саны 142 адамды құрайды. Бір науқас қайтыс болды, 57-сі жазылып шықты.