13 мау, 2020 сағат 09:00

Қарағанды облысында бір тәулікте 77 адам індет жұқтырды

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 77 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша 77 адамнан COVID-19 вирусы табылды. Тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды. 

Қарағанды қаласында – 48, Теміртау - 4, Саран - 3, Жезқазған - 2, Балқаш - 4, Қаражал - 1, Абай ауданында - 2, Бұқар жырау ауданында - 8, Шет ауданында 5 адамнан індет табылды. 

Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. 

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. 

Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді. 

12 маусымдағы ахуал бойынша облыста 1419 жұқтыру жағдайы анықталды, оның ішінде 7 адам қайтыс болған. 630 пациент жазылып шықты.