12 мау, 2020 сағат 08:27

Қарағанды облысында 52 адам коронавирус жұқтырған

11 маусымдағы мәлімет бойынша Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының ауру белгісімен 52 адам тіркелді. Өсім – 4 пайыз, деп хабарланды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-дағы парақшасында.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 52 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.

Атап айтсақ, Қарағанды қаласында – 36 адам, Теміртау қаласында – 1, Саран қаласында – 6, Қ.Сәтбаев қаласында – 4, Шахтинск қаласында – 4, Абай ауданында – 1 адам анықталды», делінген хабарламада.

Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекция жүргізілді.

11 маусымдағы ахуал бойынша облыста коронавирус инфекциясымен жалпы 1 342 адам тіркелген, оның ішінде 619 пациент жазылып шықты.