Қара теңізде Minerva Symphony танкерінен мұнай төгілді. Оқиға 7 тамызда Ресейдің Краснодар өлкесінде «Каспий құбыр консорциумы» терминалында мұнай тиеу кезінде болған, деп хабарлайды РБК.
Мұнай құятын құрылғысы бар терминал Оңтүстік Озереевка кентіндегі айлақтың маңында, жағадан 600 метр жерде орналасқан. Шығын көлемі туралы ақпарат жоқ. Акваторияның ластану ауданы – 200 шаршы метр.
Minerva Symphony танкері Пирей портына тиесілі және Грекияның туымен жүреді.
Ресейдің теңіз және өзен көлігі агенттігінің мәлімдеуінше, мұнайдың жағалау аймағынан тыс жерге – одан шамаман 6 шақырым жерге төгілген. Қазіргі кезде мұнай төгілген маңға жүзетін бөгеттер қойылды.
Каспий құбыр консорциумы ластанған жерді өзі тазаламақ. Атап айтқанда, жедел штаб құрылып, апаттық-құтқару бөлімшелерін жұмылдырылған.