24 қар, 2020 сағат 16:30

Қар, тұман, көктайғақ: Синоптиктер 7 өңірде ескерту жариялады

Қазгидромет» РМК 25 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ болады. 

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде қатты қар жауады, тұман, көктайғақ болжанады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жанбыр) болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде күші 15-20 м/с артады. 

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.