Қазақстан бойынша 30 қаңтар-1 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, атмосфералық фронттар республиканың солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік аймақтарына әсер етеді.
Жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болып, жел күшейеді.
Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын жаумайды, күн ашық.
Республика бойынша кей жерлерде тұман байқалады.