13 қар, 2020 сағат 21:52

Қар, көктайғақ, тұман – сенбіге арналған ауа райы

Сенбі елімізде қар жауады, жел күшейіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

14 қарашада Қазақстандағы ауа райына орталығы Екатеринбург маңайында орналасқан циклон әсер етеді. Көбінесе қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстік пен шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Маңғыстау, түнде және таңертертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.