02 жел, 2020 сағат 23:25

Қар, көктайғақ, боран: 3 желтоқсанға арналған ауа райы

«Қазгидромет» мамандары 3 желтоқсан күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағының кей жерлерінде қар жауады. Оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. 

Бірқатар өңірде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді. 

Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. 

Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.