25 қар, 2020 сағат 09:13

Қар, бұрқасын, көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы

Синоптиктер 26-28 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа райы бұлтты болады. Қар жауады, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Екпінді жел тұрып, ауа температурасы ауытқиды. 

Мұндай ауа райына оңтүстік циклонның және сонымен байланысты фронттардың шығуы себеп болады.