Қапшағай қаласының маңындағы демалыс орындарының біріне орналастырылған Теңіз кеніші қызметкерлері COVID-19 инфекциясына анализ тапсырған болатын. Бүгін сол зерттеулердің қорытындысы белгілі болды. 64 азаматтың барлығының қорытындысы таза болып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі күн карантинде болған Алматы облысының тұрғындары бүгін арнайы көліктермен тұрғылықты жерлеріне жеткізіледі.
Еске салсақ, кеше «Атырау–Алматы» әуе рейсімен келген «Теңізшевройл» ЖШС-да жұмыс істейтін Алматы облысының 64 тұрғыны Қапшағай маңындағы «Күншуақ» демалыс орнына орналастырылып, карантинге алынған болатын.