17 қаң, 2021 сағат 14:07

«Канелоның» қулығы әшкереленіп, одан Головкинмен жекпе-жек өткізу талап етілді

Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс америкалық бокс жанкүйерлері мексикалық боксшы Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегін әлі де көргісі келетінін айтып, «Канелоны» жеңіл қарсылас таңдады деп айыптады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

«Авни Йылдырым WBC нұсқасы бойынша міндетті үміткер санатында және бұл жекпе-жек - «Канелоға« DAZN-де қомақты ақша табуға оңтайлы мүмкіндік.

Америкалық фанаттар бокс жанкүйерлері «Канелоның» Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, Дэвид Бенавидес, Геннадий Головкин, Артур Бетербиев, Димитрий Бивол сынды боксшылармен жекпе-жегін көргісі келеді», - деп жазады Джонс.

Естеріңізге сала кетейік, Каллум Смитті жеңгеннен кейін Сауль Альварес жанкүйерлер қаласа, Геннадий Головкинмен айқасқа қарсы емес екенін айтқан еді.