Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Халықаралық бокс федерациясының тұжырымы бойынша (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
«Канело» тарапы Сергей Деревянченко өкілдерімен міндетті айқас өткізу туралы келісімге қол жеткізе алмаған. Бұл тураы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер Туиттерде хабарлады:
«Дереккөздер «Канело» мен Деревянченко арасында келіссөз болмағанын хабарлады. Альварес IBF титулынан күндізгі сағат үштен кейін айырылды. Дедлайн уақыты өтіп кетті. Тараптар ақшаға келісе алмады», - деп жазды ол.
Енді IBF Деревянченко мен Геннадий Головкин арасында бос тұрған белбеу үшін айқас тағайындайды. GGG рейтинг бойынша келесі үміткер саналады. Дереккөздерге сәйкес, олардың келіссөздері ойдағыдай өтпек.