09 мау, 2018 сағат 10:18

Қанат Ислам жарақат алды: Жекпе-жек өтпейтін болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кезекті айқасына дайындық кезінде аяғынан жарақат алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы боксшы ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында мәлім еткен.

«АҚШ-ғы оқу-жаттығу жиындары кезінде аяғымнан жарақат алып қалдым. Негізі, кезекті кездесуім 23 маусым күні өтуі тиіс еді. Қарсыласым да белгілі болған. Өкінішке қарай бұл жекпе-жекті жанкүйерлерім көре алмайтын болды. Енді, толық жарақатымнан айығып алғаннан кейін рингке қайта ораламын. Бұйырса, екі ай көлемінде сауығып кетермін. Жанашыр жанкүйерлерім менің жекпе-жегімді асыға күтіп жүргенін жақсы білемін», - дейді Қанат Ислам.