Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың кезекті ай сайынғы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Өткен айда рейтингте ұсынылған жалғыз қазақстандық боксшы бірінші орта салмақтағы WBO-NABO және WBA Intercontinental белбеулерінің иегері Қанат Ислам (25-0, 20 КО) болды. Жаңартылған рейтингке «Қазақ» кірмей қалған.
Бұдан бұрын біздің отандасымыз WBC, WBO және WBА «үздігінен» шығып қалған еді. Осылайша, Қанат енген жалғыз ұйым IBO болып тұр. Алайда, ол кәсіби бокстың негізгі бекітілген органдарының қатарына кірмейді.
Қанат Ислам соңғы рет рингке бір жыл бұрын - 2017 жылдың 9 қыркүйегінде шықты. Ол Астанадағы басты бокс кешінде канадалық Брэндон Кукті (20-1, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.