01 шіл, 2021 сағат 23:42

Канадада аптап ыстық салдарынан ормандар өртеніп жатыр


Батыс Британ Колумбиясында аптап ыстық салдарынан ормандар өртеніп жатыр, деп хабарлайды CBC телеарнасы.

Ең үлкен өрт Камлупс көлінің аумағында болды, оның ауданы 200 шаршы шақырымға жетті. Сол аумақтағы тұрғындар эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 10 тікұшақ пен 56 өрт сөндіруші жұмылдырылды. 

Британ Колумбиясының басқа бөліктерінде де ормандар өртеніп жатыр. 

айт кетер жайт, осы аптада Канада тарихында рекорды температура - 49,6 градус тіркелді. 

Ал Альберта провинцияларында, Британдық Колумбия, Саскачеван провинциясының бөліктерінде, сондай-ақ елдің Арктикалық аумақтарының оңтүстік бөлігінде - Юкон мен Солтүстік-Батыс территорияларында аптап ыстық басылар емес. Мұнда термометр бағаны күндіз 40-45 градусқа дейін жетті.