16 қар, 2020 сағат 21:58

Канадада 100 мыңнан астам адам жарықсыз қалды

Канадада Онтарио провинциясының шығыс бөлігінде күшті жел тұрып, салдарынан 100 мыңнан астам адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды CTV телеарнасы.

Табиғи апат түнде Эри және Гурон өзендерінің аумағында болған, әсіресе Порт-Альберт пен Виндзор қалаларының тұрғындары қатты зардап шекті. 

Ұлттық метеобюро деректері бойынша, кей жерлерде желдің күші 100 км/сағ (28 м/с). 

Жүздеген ағаш құлап, электр бағандары зақымдалған, көптеген үйлердің шатырларын жел ұшырып әкеткен.

Жергілікті энергия тарату компаниясының айтуынша авариялық бригадалар апат салдарын жоюға кірісті.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.