30 қар, 2022 сағат 20:31

Қамауда отырған Боранбаевтың туысы агенттік қызметкерлеріне пара берген


Қамауда отырған Қайрат Боранбаевтың туысы А. Боранбаев Қаржылық мониторинг агенттігінің жекелеген қызметкерлеріне пара берген, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.

"Жеке қауіпсіздік департаменті жүргізген жедел іс-шараның нәтижесінде агенттіктің жекелеген қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі анықталды. 

Мәселен, тергеумен қамауға алынған Қ.С. Боранбаевтың туысы – А.Т. Боранбаевтың жедел бөлімшелердің жекелеген қызметкерлеріне заңсыз сыйақы беру фактісі әшкереленді.

Сот А.Т. Боранбаевқа және екі қызметкерге қатысты ҚМА өтініші бойынша қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді" - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.