09 там, 2021 сағат 13:15

Калифорниядағы орман өрті 404 құрылыс нысанын зақымдады


Американың Калифорния штатында болған «Дикси» өртінің жалыны төрт округтің мыңдаған шақырымына тарады, деп хабарлайды San Francisco Chronicle.

Штаттағы Плумас, Бьют, Техама және Лассен округтерінде өршіп тұрған орман өрті 404 құрылыс нысанын, соның ішінде тарихи Гринвилл қаласындағы 27 құрылысты зақымдаған. Жалынды сөндіруге 5 мыңнан астам өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Сенбі күні Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом кезінде Гринвилл қаласына барып, Twitter-де көзімен көрген жағдай туралы жазды. 

Басылым мәліметінше, «Дикси» өрті 13 шілдеде басталды. Оның орын алуына электр тасымалдау желілеріне ағаштың құлауы себеп болуы мүмкін.