26 қаз, 2020 сағат 07:11

Калифорнияда дауыл салдарынан 360 мың тұрғын жарықсыз қалуы мүмкін

Американың Pacific Gas and Electric энергетика компаниясы Калифорния штатында аймаққа жақындап келе жатқан алапат дауыл салдарынан электр қуатының жаппай өшірілетіні туралы мәлімдеді. Бұл жайлы жексенбі күні компанияның Facebook парақшасында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәсіпорын мәлімдемесінде көрсетілгендей, құрғақ ауа райына байланысты қатты жел орман өрттерін тудыруы мүмкін. Қауіпсіздік мақсатында компания штаттың 36 округіндегі 360 мыңнан астам тұрғынды электр жарығынсыз қалдыруға мәжбүр болып отыр. 

Айта кетсек, 3 қазанда Калифорнияда 1,6 миллион гектар жердің өртеніп кеткені хабарланған болатын.