26 там, 2020 сағат 14:31

Қалааралық автобустардың қозғалысы қайта жанданады

Қазақстанда қалааралық автобустар, қала маңындағы жолаушылар пойыздарының қозғалысы қайта жанданады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап бірқатар нысанның қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады. 

Соның ішінде қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздардың, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат берілді.