Ауғанстан астанасы Қабулдағы мектеп алдында болған жарылыстар салдарынан кем дегенде 85 адам қаза тауып, 150 адам жарақаттанған. Бұл туралы ауғандық Ariana news телеарнасы хабарлады.
Оның мәліметінше, Қабулдағы қыздарға арналған мемлекеттік мектептің алдында қатарынан үш жарылыс болған. Алдымен мектептен алыс емес жерде миналанған автокөлік жарылған. Оның ізін ала екі қолдан жасалған құрылғы жарылады.
Қазіргі кезде бұл жарылыстар үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алмай отыр.