18 там, 2021 сағат 16:20

Израильде коронавирусқа қатысты шектеулер қайта енгізілді


Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты Израильде коронавирустың таралуын тежеу бойынша шектеу шаралары қайта енгізілді, деп хабарлайды The Jerusalem.

Сәрсенбіден бастап Израильде адамдардың жиналуына шектеу жарияланып мен әлеуметтік ара қашықты міндеттеу қайта енгізілді. Жаңа ереже қоғамдық орындарға кіруге рұқсат етілген адамдар санын шектейді. Олардың арасында көптеген мәдени және спорт шаралары мен нысандар бар. Мұндай орындар тек Green Pass рұқсатнамасы бар азаматтарға ғана ашық. Рұқсатнама адамның вакцина алғанын, жазылып шыққанын немесе жақында коронавирусқа тест тапсырып, теріс нәтиже көрсетілгенін растайды. 

Осылайша, өз еркімен вакцина алмаған немесе екпе алуға мүмкіндігі болмаған адамдар бассейнге, жаттығу залына, спорт және мәдени шараларға, конференцияға, мұражайға, кітапханаға, мейрамхана мен қонақүйге кірер кезде COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесін көрсетуі керек. 

Одан бөлек, 3-12 жас аралығындағы балалар мейманхана, шараларға арналған залдар мен мейрамханалар сияқты көп адам қатысатын жабық жерлерге кірер кезде коронавирус тестінің теріс нәтижесін көрсетуі тиіс. 

Жаңа ереже сауда орталықтарынан басқа барлық кәсіпорындарға қолданылады. 

Сейсенбі күні жаңа шектеу шаралары енгізілер алдында Израильде 8 716 жаңа коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген болатын. Денсаулық сақтау органдарының айтуынша, бұл осы жылдың 1 ақпанында енгізілген рекордтан асып түсті. 

Израильдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі күні 579 адамның жағдайы ауыр, скринингтен өткен науқастардың 6,2%-ы COVID-19-ға тестінің оң нәтижесін көрсеткен. 

Осы аптада Иерусалимдегі Еврей университетінің зерттеушілері тамыздың аяғында елде бір апта ішінде COVID-19-дан өлім саны 150-ден 250-ге дейін көтерілетінін болжайтын есепті жариялады.