Израиль билігі ауру жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қайтадан жалпыұлттық локдаун енгізу мүмкіндігін талқылауда, деп хабарлайды BBC агенттігі.
Сонымен қатар, бүкіл ел бойынша эпидемиологиялық жағдайы ең қолайсыз 40 «қызыл аймақта» жергілікті шектеулер енгізілді. Сәрсенбіде елдің Денсаулық сақтау министрлігі ауруға шалдығудың 3904 жаңа жағдайы туралы хабарлады, бұл – пандемия басталғаннан бергі жаңа тәуліктік рекорд. Қазіргі уақытта елдегі коронавирус жұқтыру жағдайларының жалпы саны 142,5 мыңнан асады, 1054 науқас көз жұмған.
Индонезия астанасы Джакарта билігі қаладағы жағдай төтенше жағдайға жақын деп отыр. Соңғы бірнеше күнде қалалық ауруханалар коронавирус диагнозы расталған науқастарға толып қалған. Дүйсенбіден бастап ел астанасындағы аудандардың көпшілігінде қатаң шектеулер қайта қолданылады.