Дәрігерлер Израильде өткен тәулікте 6275 адамның коронавирус жұқтырғанын анықтады. Бұл туралы сейсенбі күні елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kan мемлекеттік радиосы.
Бұл 2021 жылдың ақпанымен салыстырғанда ең жоғары тәуліктік көрсеткіш және елде «дельта» штаммы пайда болғалы жаңа антирекорд.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 35466 адам ковидпен ауырып жатыр. 394 науқас ауыр халде, 64 адам өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына қосылған.
Изариль тұрғындары өткен жылдың 20 желтоқсанынан бастап америкалық Pfizer компаниясының вакцинасын салдырып келеді. Израиль денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, қазіргі уақытта 5,8 млн израиль бірінші дозасын алған, 5,4 млн адам – екінші дозаны ектірген. Бұл сәйкесінше тұрғындардың 63% және 58%-ын (9,3 млн) құрайды.
30 шілдеде Израильде Pfizer-дің екінші дозасын 5 ай бұрын салдырған 60 жастан асқан тұрғындарға үшінші рет екпе егуді бастады. Министрліктен мәлім еткендей, үшінші рет вакцинаны 577 мыңнан астам адам алды.