Израиль әлемде коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күреc бойынша ұлттық оқулар жүргізетін бірінші ел болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Times of Israel-ға сілтеме жасап.
Ұлттық оқулар бүгін елдің премьер-министрі Нафтали Беннетің басшылығымен өткізіледі. Иерусалимдегі жедел штабта өтетін оқулар кезінде түрлі жоғары өкілетті шенеуніктер мен органдар оқулар барысында «Омега» атауына ие болған COVID-тің жаңа штамына дайындық үшін әрекеттер мен даярлығын көрсетеді.
Оқуларға қатысатын өкілетті тұлғалар көптеген сценарийлерге тап болып, қозғалысты шектеу, карантин, әуе тасымалы және т.б көптеген жағдайларға байланысты шешімдер шығарады.
Премьер-Министр Беннет Израильдің коронавирус инфекциясының төртінші толқыны мен «дельта» нұсқасын жеңе алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ел әрқашан болашаққа тура қарап, коронавирусқа қарсы науқанның жалғасуына дайындалып жатыр.
Ол Израиль үкіметі мен денсаулық сақтау органдарының өкілдері осымен тынышталмай, керісінше, коронавирус инфекциясына дайын болуын жалғастыратынын атап өтті.
Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі сәрсенбі күні жариялаған мәліметке сәйкес, Израильде COVID-19 белсенді оқиғаларының саны 6450-ге дейін төмендеген.