Флоренцияның солтүстігінде 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Tuscan Trends порталы.
«4,5 балдық жер сілкінісі 9 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:37-де Флоренцияның солтүстігіндегі Скарперия Сан Пьеро қаласының жанында болған», - делінген хабарламада.
Порталдың хабарлауынша, адамдар үйлерін тастап, автокөліктерінде түнеген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бірақ кейбір үйлер қираған.
Сондай-ақ аймақта 3,4 балдық бірнеше дүмпу тіркелген.
Айта кетейік, жер сілкінісі салдарынан Италияның темір жолы Флоренциядан кететін және оған келетін пойыздардың қозғалысын 4 сағатқа тоқтатты.