20 қаң, 2021 сағат 07:10

Италияда түнде Этна жанартауы оянды

Дүйсенбіге қараған түні Италияның Сицилия аралындағы Этна жанартауы оянды, деп хабарлайды Euronews.

Бұл түнде жанартау атқылап, күл мен ыстық лава төгілген. 

Қара түтін айналадағы елді мекендерге жайылды. Билік бұл атқылау жергілікті тұрғындар мен туристер үшін қауіпті емес деп сендірді. Мұнда мыңдаған адам елдегі үш белсенді жанартаудың ең биігін тамашалау үшін келеді. 

Этнадан басқа, бұл тізімге Тиррен теңізіндегі сол аралдағы Стромболи және Неаполь маңындағы Везувий кіреді. 

Еске сала кетейік, Этна – Еуропадағы ең биік белсенді жанартау. 2013 жылдың маусым айында Этна ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілді.