22 жел, 2020 сағат 06:31

Италияда отшашу фабрикасындағы жарылыстан үш адам опат болды

Италияның Кьети провинциясында отшашу фабрикасындағы жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ansa сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Кабальбордино коммунасындағы Esplodenti Sabino зауытында орын алған. Зауыт 20 гектардан астам аумақты алып жатыр, онда жүзге жуық адам жұмыс істейді.

Жарылыс салдарынан Адриатикалық теміржол Фоссачезия мен Васто порты арасындағы пойыздардың қозғалысын тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.