06 там, 2021 сағат 14:11

Италияда мәдени ойын-сауық орындарына кіру үшін Covid рұқсатнама қажет


Италияда коронвирустың Delta нұсқасының таралуымен байланысты Covid-19-ың төртінші толқыны басталды. Сол себепті 6 тамыз, жұмадан бастап азаматтар мәдени және ойын-сауық орындарына бару үшін «green pass» Covid-рұқсатнамасын көрсету керек болады, деп хабарлайды The Local сайты.

Certificazione verde немесе Covid сертификаты коронавирусқа қарсы толық вакцина алғандарға немесе соңғы алты ай ішінде вируспен ауырғандарға, сонымен қатар соңғы 48 сағат ішінде коронавирусқа тест тапсырып, теріс нәтиже көрсеткендерге беріледі. 

6 тамыздан бастап Италияның көптеген кәсіпорындары мен мәдени нысандары заң бойынша кірер кезде сертификат талап етуі керек.

Сертификат 12 жастан асқан адамдарға мұражайларға, галереяларға, театрларға, кинотеатрларға, спорт стадиондарына, тақырыптық саябақтарға, жабық бассейндерге, спа-ға, спортзалдарға және барлар мен мейрамханалардағы ашық демалыс орындарына барған кезде қажет.

Осы талапты бұзғаны үшін клиенттер де, кәсіпорындар да 400-1 000 еуро көлемінде айыппұл төлейді.

Италия үкіметі қонақүйлерге, супермаркеттерге немесе сауда орталықтарына кіру кезінде сертификат көрсетуге қатысты басқа жоспарлар туралы хабарлаған жоқ.

Сонымен қатар ел билігі ішкі сапарлар жасайтын қоғамдық көліктерде, алыс жерлерге бағыт алатын пойыздарда, мектептер мен жұмыс орындарында Covid-сертификатын енгізу туралы мәселені қарастырып жатыр.

ЕО және Шенген аймағынан, АҚШ-тан, Канада пен Жапониядан келген туристер Италияның сертификат талап етілетін жерлеріне өз елінде берілген ұқсас медициналық құжаттарды көрсету арқылы бара алады.

Италия үкіметі Ұлыбритания мен Израиль тұрғындарына берілген ұқсас медициналық құжаттарды мойындайтынын мәлімдеді.