Италияда тағы да коронавирус жұқтырғандар саны өсті, деп хабарлайды ANSA агенттігі.
«Италияда коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артты. Жақында ғана елде вирус жұқтырғандар азайған болатын. Сәрсенбі күні 1326 адамнан коронавирус анықталған, бұл көрсеткіш сейсенбі 978 адам болған. Екі күнде вирустан сегіз адам көз жұмған», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Италияда мамыр айынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырудың бәрі тәулік ішіндегі ең үлкен өсімі тіркеліп, осыған байланысты елде жаңа шектеу енгізіліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.