Италияда күн 48 ыстық болып, рекорд орнатты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ANSA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Егер бұл көрсеткіш тиісті талдаудан кейін расталса, бұл еуропалық континентте тіркелген ең жоғары мән болуы мүмкін. Ол 1977 жылдың 10 шілдесінде Афины қаласында орнатылған 48 градустық рекордтан және 1999 жылдың тамызында Сицилияның Катенануовасының бейресми стансасында тіркелген 48,5° градустық рекордтан асып түседі», - деп мәлімдеді агенттікке метеоролог Мануэль Маццолени.
Италияда аптап ыстықтың басталуы Африкадан антициклонның жылжуымен байланысты.