13 қаң, 2021 сағат 06:41

Испанияда соңғы 20 жылда болмаған қыс болып жатыр

Орталық Испанияда күн бірден суытып, ауа температурасы -25°C-қа дейін төмендеді. Бұл әдетте қысы жылы Иберия түбегіндегі соңғы 20 жылдағы ең суық түн болды, деп хабарлайды BBC.

Билік қарт адамдардың ешқайда шықпай, үйде қалуларын сұрайды. «Филомена» қар циклоны салдарынан қар көп жауған және тротуарлар мен жолдар мұз құрсанып, көлік пен жаяу жүргіншілерге қауіпті жағдай туғызған. 

Суықтан жеті адам қайтыс болған, олардың екеуі – Барселонада үй-күйі жоқ адамдар.

Қар циклоны салдарынан электр қуаты үзіліп, қала маңындағы пойыздар және көптеген әуе рейстері тоқтап қалған. 

Жағдай біртіндеп қалпына келуде.