Жексенбі күні Иранның оңтүстік-батысында газ жарылып бес адам мерт болды. Тұрғын үйлер мен сауда дүкендері қирады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Құтқарушы топ Хузестан – Ахваздың әкімшілік орталығының ежелгі аймағындағы тарихи базардың жанында орналасқан екі қабатты ғимараттың қирандыларында іздеу жұмысын жүргізіп жатыр.
«Жарылыс салдарынан екі қабатты ғимарат, жақын маңдағы төрт тұрғын үй және алты дүкен толығымен қираған» дейді Ахваз қаласы өрт сөндіру бөлімінің басшысы Эбрахим Канбари (Ebrahim Qanbari).
Оның айтуынша, жарылыстан бес адам мерт болған, тоғыз адам зардап шеккен. Қайтыс болғандардың арасында бір әйел бар.