Моңғолияда COVID-19 жұқтырудың 180 мыңнан астам расталған жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, соңғы 24 сағат ішінде 6 530 ПТР-тестілеу өткізілді, оның ішінде 1 402 оң нәтиже берді. 9 080 пациент медицина мекемелерінде емделуде, 191-і өте ауыр жағдайда, тағы 2 953-і ауыр жағдайда. Жалпыұлттық вакцинация науқанында ересек тұрғындардың кем дегенде 60% - ын егу жоспарлануда.
Ал, Иран ислам республикасының билігі коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында бүкіл ел бойынша алты күндік локдаун енгізді. Үкімет COVID-19 бесінші толқынын жариялады. Иранда келесі аптада кезектен тыс демалыс белгіленуде. Сонымен қатар, коронавируспен байланысты жағдайдың ушығуына байланысты провинциялар арасында қозғалуға екі апталық тыйым жарияланды.