Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 10 мың адамға жуықтады, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.
Жалпы инфекция жұқтырғандар саны 212 501-ге жетіп, 9996 адам көз жұмды. 172 096 азамат жазылып шықты. Бұл туралы бүгін Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім беру министрлігінің баспасөз хатшысы Сима Садат Лари хабарлады.
«Соңғы тәулікте 2531 вирус жұқтыру оқиғасы анықталып, 133 адам өмірден өтті. Осылайша дертке шалдыққандардың жалпы саны 212 501 адамға, ал қайтыс болғандардың жалпы саны 9996-ға жетті», деді ол баспасөз конференциясы кезінде.
Ларидің айтуынша, 172 096 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.