Иранның батысындағы Лорестан провинциясында көне заманда шөген ойнауға арналған алаң табылды. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлады.
«Бұл мақсатты археологиялық қазба жұмыстарының арқасында Лорестан провинциясында - бірінші, Иранда үшінші боп анықталған көне ойын алаңы», - деді провинцияның мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының басшысы Амин Касеми.
Оның айтуынша, археологтар тастан қашалған төрт бағананы анықтаған. Олардың санауынша, бұл ойын алаңының қақпасы болды.
«Олардың біреуінде Сефевидтер дәуіріне жатқызылатын парсы тіліндегі жазба анықталды», - дейді Касеми.
Анықталған нысандар Ошторанкух тау тізбектеріне жақын жердегі Халилабад кентінде орналасқан.