Жексенбі күні Иранның Кум қаласындағы химия зауытында өрт шықты, деп хабарлайды Tasnim агенттігі.
Агенттік мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтау үшін 100-ден астам өрт сөндіруші жіберілді. Алапат жалынның таралуы тоқтатылды. Оқиға салдарынан өрт сөндіру автокөлігі бүлініп, екі өрт сөндіруші зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.
Келеңсіз жағдайға байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды.